17.10.2019
Бүгін 2019 жылы 9 қазанда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Петропавл қаласының прокуроры Асхат Ментайұлы Аукатовпен студенттердің бейресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Асхат Ментайұлы студенттер өміріне және жастарды толғандыратын мәселелерге қызығушылық танытты. Кездесу жемісті өтті, студенттер прокуратура қызметін, құқықтық тәртіпті қадағалаудағы рөлімен қызықты. Азаматтардың жеке ақпараттарын пайдалана отырып, әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылық пен адам құқықтарын бұзу профилактикасында қабылданатын шаралар бойынша сұрақтар айтылды. Кездесу соңында студенттер осы кездесуді ұйымдастыруға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын білдірді.